Елімізде бюджет қызметкерлері үшін ипотека бойынша бастапқы жарнаны алып тастау ұсынылды

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының қызметкерлері үшін ипотекалық кредиттер бойынша бастапқы жарнаны алып тастау ұсынылды. Ұсыныс жазылған тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Мұндай ұсынысты Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеушілер енгізді. 

Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлері үшін бастапқы жарналарды алып тастау мәселесін пысықтау ұсынылады.

Ұлттық экономика және қаржы министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұсыныстарды пысықтауы керек. Мәселе қаралғаннан кейін ақпаратты президент әкімшілігіне жіберу жоспарлануда.

Тұрғын үй мәселелерінен басқа, құжатта келесі ұсыныстар бар:

  • ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою;
  • пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдардың жауапкершілігін күшейту;
  • мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар, олардың отбасы мүшелері үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашу және оларды иелену бойынша жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдарды оңтайландыру, әкімшілік шығыстарды қысқарту есебінен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыру;
  • экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, ұлттық компаниялардың санын қысқарту және тағы басқалар.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. Ол осы жылдың 10 желтоқсанына дейін көпшілік талқылауында болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр