Елімізде сиреналар қосылады: ТЖМ тұрғындардан үрейге бой алдырмауды сұрады
2021 жылғы 29 маусымда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарының құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

"Баршаның назарына" дыбысты сигнал – бұл ескерту дабылы. Ол төтенше жағдайлар қаупі болғанда немесе туындағанда барлық шұғыл хабарламалар берер алдында халықтың назарын аудару үшін беріледі. Дыбыстық сигналды естіген соң қалыптасқан жағдайда алдағы іс-әрекеттері бойынша нұсқау алу үшін теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшадағы ақпаратты оқу қажет.
Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылысардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жұмысы тексерілетін болады. Республикалық құлақтандыру жүйесін тексеру қорытындысы бойынша еліміздің халқын уақтылы ақпараттандыру мен құлақтандыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар пысықталатын болады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды