Елімізде алты өнім түрлерінің бағасы арзандады – Министр
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік тауарларының алты түріне бағаның тұрақты төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр осымен алтыншы апта қатарынан алты өнім түрінің арзандағанын айтты.
“Қарақұмық, күнбағыс майы, қант, тауық еті (өткен аптада), картоп, сәбіз арзандады. Қазір Қазақстан бойынша бұл бағалар 1040 сауда нүктесіне жетті", - деді Жұманғарин.
Министр сонымен қатар қазір елімізде картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз бойынша тапшылық жоқ екенін мәлімдеді.
"Кәсіпкерлер үшін 20 мың тонна пиязды экспортқа аштық. Қазірдің өзінде жаңа өнім егіліп жатыр. Қант пен күрішті де өзіміз жеткілікті мөлшерде өндіреміз", - деп қосты ол.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар