Елімізде 5 миллион еуроға жаңбыр жаудыртуға болады
Маңғыстау облысында жаңбырды жасанды түрде шақыруға болатын жоба қолға алынды. Ерекше құрылғылар Құрық, Жетібай, Шетпе және Сайын ауылдарында тестіленуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала жүргізілген есептеулер бойынша, жаңбырдың көлемі үш есеге артады. Алайда "тапсырыспен алынатын жаңбыр" арзан тұрмайды.
Пилоттық жобаның құны 5 миллион еуроға бағаланып отыр.
Жобаны жүзеге асыруға жекелеген инвесторлар қаражат бөлуде.
"Технология атмосфералық ауаны иондауға негізделген. Ол атмосферада кішігірім тоқтар жасауға мүмкіндік береді. Ал ол ауа массаларын жылжытады. Бұл аймақта ылғалды ауа массаларын жылжыту қажет. Облысқа жаңбыр жетіспейді. Жанымызда теңіз болса да, жануарлар өліп жатыр, су жоқ. Мақсатымыз – жануарларға шөп әзірлеу", – деді климатолог Владимир Балагуров.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған