Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 2040 жылы түлектердің 15%-ы ғана білім грантын иеленеді

Үкімет "Келешек" жинақтаушы жүйесі не үшін енгізілетінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

грант

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгінде мемлекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын грантпен қамтып жатқанын айтты. Алайда 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш шамамен 15%-ға дейін қысқарады.

Десе де министрлік 2020 жылдан бастап жыл сайын грант санын орта есеппен 10%-ға ұлғайтатынын мәлімдеді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2019 жылдан 2022 жылға дейін туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар көп болатынын айтты. Бұл ретте грант санын ұлғайту шарасы да бәрін жоғары біліммен қамтамасыз ете алмайды.

"Келешек" бұл мәселелерді шешуге көмектеседі. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасы ресурстарды шоғырландыру және мемлекет, бизнес, оқу орындары мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл мамандық иесі атанғанға дейін балаларды қолдауға мүмкіндік береді", – деді Смайылов.

Премьер-министр "Келешек" жүйесін келесі жылы енгізу қажет екенін, жүйенің әрекет ету тетігін жан-жақты пысықтау керегін атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Сарапшылар мұның экономикаға әсерін талдады. 

Талқылау