Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2020 жылға арналған АЕК және АЖК мөлшерлемесі бекітілді

2020 жылы АЕК  (Айлық есептік көрсеткіш) мөлшері өзгермей, еліміздегі ең төменгі жалақымен бірдей, яғни 42 500 теңге болып қалды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"2020-2022 жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңға" сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі, жалақы мөлшері, зейнетақы, сондай-ақ, жәрдемақыларды бөлуге арналған айлық есептік көрсеткіштің және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшері, айыппұл санкциялары, салықтар және басқа да төлемдер бекітілді. 

  • 2020 жылдан бастап ең төмен жалақы мөлшері (ЕТЖ) — 42 500 тенге (110 доллар);
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 16839 тенге (шамамен 45 доллар);
  • зейнетақының ең төмен мөлшері — 38 636 тенге (100 доллар);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 2651 тенге (7 доллар);
  • базалық әлеуметтік төлемдердің бөлуге көмектесетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы —31 183 тенге (80 доллар);
Талқылау