Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елге оралса деймін": Нұрғали Нүсіпжанов немерелеріне қолы жетпей жүргенін айтты

Нұрғали Нүсіпжанов немерелеріне қолы жетпей жүргенін жеткізді, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елге оралса деймін

Танымал әншінің отбасы туралы айтқан сұхбатының үзіндісі желідегі парақшаларда кең таралады. Бес қыздан жиен сүйіп отырған ақсақал немерелерінің шетелден оралғысы келмейтінін айтып қапаланды. 

"Қолым жетпейді. Қазір енді немерелерім әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде жүр. Алдымен Алматының оқуын бітіріп алып, содан кейін қосымша үйреніп кетуге болады ғой деп айтып отырамын. "Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада". Қатарынан қалмасын деймін", - дейді Нұрғали Нүсіпжанов.

Ол балаларының елге оралғанын қалайтынын жеткізген. Немерелеріне деген сағынышын жеткізген өнер иесі қайда жүрсе де амандығын тілеп, атамекеніне қайтып келсін деп ағынан жарылған.

"Балалар өз армандарын қуып кетті. Есейгеннен кейін отындарына оралсын деймін. Туған елдің қадір-қасиетін біліп, сағынышпен қайта оралса екен. Елдің иесі жастар ғой. Сондықтан, амандығын тілейміз", - дейді Нұрғали Нүсіпжанов. 

Тағы оқыңыз: "Мен кеудемді керіп жүрген жан емеспін": Нұрғали Нүсіпжанов жас көрінуінің құпиясын бөлісті >>>
Талқылау