Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы жеңіліп көрмеген: Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Matchroom британиялық промоутерлік компаниясы қазақстандық Данияир Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Данияр Елеусінов

13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының Hulu Theather кіші залында Данияр Елеусінов жеңіліп көрмеген 34 жастағы америкалық Решард Хикспен кездеседі. Мұның алдында жекпе-жектің он раундқа созылатыны және оған орта салмақ дәрежесіндегілердің қатысатыны айтылған еді. 

Елеусінов пен Хикстің кездесуі америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаевтың кешінің андеркатында өтеді. АҚШ-та шоуды тікелей эфирден DAZN стриминг қызметі көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетсек, Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 25 мамыр күні Мэрилэнд штатының Оксон-Хилл қаласында өткізді. Бұл кезде төрешілер шешімімен чилилік Луис Норамбуэнді жеңген болатын. Алдағы кездесу 28 жастағы Елеусіновтің АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ. Кәсіби бокста ол алғаш рет 2018 жылдың сәуір айында жұдырықтасқан болатын. 

Талқылау