Елена Рыбакина"Уимблдон" турнирін сәтті бастады
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің алғашқы айналымын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші айналымда румыниялық Елена-Габриела Русеге қарсы ойнап, екі сетте 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші айналымға өтті. Енді Рыбакина екінші кезеңде Германия елінің өкілі Лаура Зигемундпен жолығады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Бубликтің "Уимблдон" турнирін сәтті бастағанын жазған едік.
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады

