Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 – Qatar Total Open турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ktf.kz
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы дүрмектің жартылай финалына жолдама алды. WTA 1000 – Qatar Total Open турнирінің алғашқы айналымында қытайлық Чжу Линді 6:2, 6:1 есебімен ұтқан отандасымыз екінші айналымда америкалық Эмма Наварродан басым түссе, ширек финалда канадалық Лейла Фернандесті екі сетте 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Енді отандасымыз жартылай финалда ресейлік Анастасия Павлюченкомен ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен еді.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді

