"Кегін қайтарды": Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды (видео)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті. Ойын 2 сағаттан астам уақытқа созылып, екі сет қорытындысы бойынша 7:6 (13:11), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч кезінде Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Еске салайық, Аустралияның ашық чемпионатының финалында отандасымыз Арина Соболенкоға есе жіберген еді.
“Рыбакина кегін қайтарды! Елена Соболенконы Индиан-Уэллсте 7:6, 6:4 есебімен жетіп, өз мансабында алғаш рет WTA 1000 титулына ие болды”, – деді WTA турнирінің комментаторы.
Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде 7-орынға көтеріледі.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"

