Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің ширек финалына шықты
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турниріндегі жеңісті жолын жалғастырып жатыр. Отандасымыз үшінші айналымда әлемдік рейтингте 91-орында тұрған польшалық Каролина Возняцкиді ұтса, төртінші кезеңде әлемдік рейтингте 18-орында тұрған, ресейлік Анна Калинскаяны екі сетте ұтты. Енді Рыбакина ширек финалда әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Элина Свитолинаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген Юлия Путинцева төртінші кезеңде Елена Остапенкодан ұтылып қалды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

