Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде өнер көрсетеді
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияда өтетін Ролан Гаррос турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Жақында ғана WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілген Елена Рыбакина Парижде өтетін Ролан Гаррос турниріне қатысады. Қазақстанның бірінші ракеткасының алғашқы айналымдағы қарсыласы да белгілі. Отандасымыз алғашқы матчын әлемдік рейтингіде 86-орында тұрған белгиялық Гретье Минненге қарсы ойнайды. Екеуі бұған дейін 2020 жылы Аустралия ашық чемпионаты мен Страсбургтегі турнирде кездесіп, екеуінде де Рыбакина басым түскен еді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, содан кейін денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

