Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан Dubai Duty Free Tennis турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 – Dubai Duty Free Tennis турнирінің алғашқы айналымдағы қарсыласы белорусиялық Виктория Азаренконы жеңді. Бірінші сетте 4:6 есебімен есе жіберген отандасымыз екінші сетте 6:2 есебімен ұтты. Дегенмен үшінші сетке қарсыласы жарақатына байланысты шықпай, жеңіс автоматты түрде Рыбакинаға берілді. Осылайша отандасымыз Азаренконы үшінші рет жеңіп отыр. Енді ол ширек финалда Магдалена Френхқа қарсы ойнайды.
Елена Рыбакина Дохада өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды
Айта кетейік, Рыбакина жал басынан бастап қатарынан үшінші турниріне қатысып жатыр. Ол Абу-Дабиде топ жарып, Дохада күмісті місе тұтқан еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

