Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі үздік бестіктегі орнынан айырылды
WTA қорытынды турнирінде жеңіліп қалған Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі үздіктер қатарындағы орнынан айырылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram/lenarybakina
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингті жаңартты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік бестіктен шығып қалды. Отандасымыз 5-орыннан 6-орынға cырғып, рейтингте бір саты төмендеді. Басты себеп WTA қорытынды турниріндегі нәтижесі себеп болып отыр. Қазақстандық теннисші осы жарыста тек бір рет жеңіске жетіп, топтан шыға алмаған еді. Сондай-ақ еліміздің атынан сынға түсетін Юлия Путинцева рейтингтегі 29-орнын сақтап қалды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінде екі матч қатарынан жеңіліп қалған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

