Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр шәйнектері қатерлі ісік ауруын тудыра ма – ғалымдар жауап берді

Бүгінде электр шәйнектерінде қайнаған су қатерлі ісік ауруын тудырады деген ақпараттар тарауда. Ғалымдар бұған ғылыми негіз жоқ деп санайды. Дегенмен, мұндай шәйнектерді тұтынбас бұрын сапалысын дұрыстап таңдаған жөн екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі runews24.ru порталына сілтеме жасап.

Ғаламторда электр шәйнегінде қайнаған судың денсаулыққа зияны туралы ақпарат тарады. Электр шәйнекте қайнатылған су улану, жүйке жүйесінің бұзылуы, қатерлі ісік ауруын тудыратыны туралы ақпараттар желдей есуде.

Сонымен қатар, Sina басылымына шыққан мақалада тот баспайтын болаттан жасалған электр шәйнекте қайнаған су балалардың интеллектісінің төмендеуіне себеп болатыны айтылған. Мұндай материалдан жасалған шәйнектердің жартысынан көбі денсаулыққа байланысты проблемаларға әкелетіні де талқылануда. Себебі, оларды жасау үшін құрамында марганеці жоғары болат пайдаланылады.

Цзянсу провинциясының сапаны бақылау бюросы электр шәйнек материалдарының 55,6% денсаулыққа қатысты мәселелерге әкелетіні туралы есеп шығарды.

Ғалымдар жоғары марганецті тот баспайтын болаттан жасалған электр шәйнектің қайнаған суын ішу денсаулыққа қауіпті екенін анықтау үшін зерттеу жүргізді.

Марганецтің өзі адамдарға қауіп төндірмейді. Ол қанның ұю процесіне қатысады, қандағы қант деңгейін реттейді, көмірсулар мен майлардың алмасуын жақсартады. Бұл шайнектерден су ішуге болады. Бірақ сенімді өндірушілердің тауарларын таңдау керек.

Қорыта келе, қатерлі ісік пен электрлі шәйнекте қайнаған судың байланысы туралы ақпараттар ғылыми растауды таппады.

Талқылау