Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметов үшінші олимпиадасына барады

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметов Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

елдос

Фото: IJF

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов үшінші рет олимпиада ойындарында бағын сынайды. Риода күміс, Токиода қола алған балуан Парижде де жүлдегерлер қатарынан көрінуі ықтимал спортшылардың қатарында. Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған Сметов Парижге ішкі іріктеуден өту арқылы жолдама алды. Сметовтен бөлек 60 келіде Париж олимпиадасында өнер көрсету мүмкіндігі Нұрқанат Серікбаев пен Мағжан Шамшаддинде болған еді. Бапкерлер үшеуінің арасында іріктеу өткізіп, тәжірибелі Сметов екі қарсыласын да жеңіп, үшінші олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, Елдос Сметов бірнеше ай бұрын Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысының қола жүлдесін жеңіп алған еді. Артынша әлем чемпионатында қола жүлде үшін күресіп, жеңіліп қалған.

 

Талқылау