Елдос Сметов Қазақстанға Токио Олимпиадасының алғашқы жүлдесін әкелді
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос "ваззари" ұпайын иеленді.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленді.
Еске салсақ, Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түскенін хабарлаған едік.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды