Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиадада алғашқы айналымда жеңіске жетті
Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2010 жылғы жастар арасындағы, 2015 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен біріншілігінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады.
Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді. Енді Елдос ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинмен кездеседі.
Еске салсақ, Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалғанын жазған едік.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”