Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Елден кеткен Ауғанстан президенті үндеу жолдады

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Facebook әлеуметтік желісінде қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

"Бүгін мен қиын таңдау жасадым. Ол сарайға басып кіруге ұмтылған қарулы тәліптермен бетпе-бет кездесу, немесе соңғы 20 жылымды қорғауға арнаған тамаша елімді тастап кету", – деп жазады президент.

Ашраф Ғани егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасайтынын айтады. Бұл бейбіт тұрғындардың қан төгуіне соқтыратын еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, тәліптер қылыш пен қару -жарақ шайқасында жеңіске жетті және енді өз отандастарының намысы мен байлығын қорғауға толық жауапкершілікті алады.



"Бірақ олар жүректерді жаулай алмайды. Себебі заңды түрде билікке келмеді. Тарихта бұрын-соңды ешкімге заңдылықты берген бір билік болған емес. Оларға да бермес", – деп жазды Ғани.

Еске салсақ, бұған дейін талибандардың Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғаны айтылған еді. Ел президенті Ашраф Гани биліктен бас тартып, мемлекеттен кетуіне мәжбүр болды. Сондай-ақ “Талибан” қозғалысының ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жария етті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 16 Тамыз, 2021 08:48
Талқылау