Әлемнің 60 мемлекеті тәліптерге үндеу жолдады
Әлемнің 60-тан астам мемлекеті тәліптерге үндеу жолдап, шетел азаматтарының Ауғанстан аумағынан қауіпсіз түрде шығуын қамтамасыз етуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новостиге сілтеме жасап.

Талибан қозғалысына үндеу жолдаған елдердің арасында АҚШ, Франция, Германия, Украина, Италия және Ұлыбритания бар.
“Жағдайының нашарлауын ескере отырып, біз барлық тараптарды елден кетуді жоспарлаған шетелдік азаматтар мен ауғандардың шекарадан қауіпсіз түрде шығуын қамтамасыз етуге шақырамыз”, – делінген хабарламада.
Мемлекеттер әуежайларды, шекаралар мен басқа да жолдарды ашуды сұрады.
Еске салсақ, бұған дейін талибандардың Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғаны айтылған еді. Ел президенті Ашраф Гани биліктен бас тартып, мемлекеттен кетуіне мәжбүр болды. Сондай-ақ “Талибан” қозғалысының ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жария етті.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"