AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құқық қорғау органдарының басшыларымен Ауғанстандағы жағдай бойынша кеңес өткіздім. Онда біздің азаматтар мен Ауғанстан Ислам Республикасындағы дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды жүктедім. Қазақстан Ауғанстандағы шиеленістің ушығуына алаңдайды және оқиғалардың қалай өрбитінін мұқият қадағалайды", – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісінде.

14 тамызда Сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісі Әлімхан Есенгелдиев Кабулда жұмысын жалғастыра беретінін хабарлаған. 

Тоқаев, сонымен қатар Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылғанын айтып өтті.

"Қазақстанның Кабулдағы елшілігінде қызметкерлер саны аз. Сол себепті олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асуда", – деп қосып өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Талибан" Ауғанстанды басып алғанын және билікті тапсыру туралы келіссөздерді бастағанын жариялаған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр