Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдегі ақылы жолдар бір жылда бюджетке қанша қаржы алып келді

Қазақстанда төрт ақылы учаскеден былтыр бюджетке 5 389 млн теңге қаражат түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Қазақстанда жыл соңына дейін жол ақылы болады

«Қазавтожол» баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қорытындысы бойынша төрт ақылы учаскеден жиналған қаражат 5 389 млн теңгені құрады. Оның ішінде: «Нұр-Сұлтан-Теміртау» - 1 729 млн теңге, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» - 1 700 млн теңге, «Алматы-Қорғас» - 988 млн теңге және «Алматы-Қапшағай» 972 млн теңге.

Сондай-ақ, бір жыл ішінде (2019 жылы) барлық ақылы учаске бойынша 10,5 млн автокөлік жүріп өткен. Осылайша, жиналған 5 389 млн теңге және 77,8 млн теңге көлеміндегі қосымша табыс төмендеглерге жұмсалды: - 2 690,1 млн теңге автожолды күтіп-ұстау және жөндеуге; - 1 401,3 млн теңге бағдарламалық-аппараттық кешенді күтіп-ұстауға; - 594,6 млн теңге қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығына; - 14,2 млн теңге қосымша шығындарға; - 543,4 млн теңге жол-пайдалану техникасы мен төлем қабылдау пунктіне қажетті жабдықтарға; - шығыннан артылған 223,2 млн теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджетке аударылды.

Айта кетейік, бүгінде елімізде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы учаске бар. Бұл Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдары.

Ақылы учаскелердегі төлемақы мөлшері индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен, автокөліктің жүк көтергіштігіне байланысты бекітілген. Өткізу пунктінде кептелісті болдырмас үшін алдын-ала төлем жүйесі енгізілген.

Жеңіл автокөліктер үшін арнайы дифференциалды тариф те бар. Яғни, алдын-ала төлем жасаған автокөліктердің төлемақысы екі есе арзан. Сондай-ақ, ақылы автожолдың маңайындағы елді мекендерде тіркелген автокөліктерге құны 1000 теңгені құрайтын 1 жылдық абонемент қарастырылған.

STAN.KZ
Сейсенбі, 01 Қыркүйек, 2020 16:57
Талқылау