Елде коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден асты
Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуірдің 08:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа деректерге сәйкес Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 4 адамның коронвирус жұқтырғаны анықталды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 69 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 704 науқас тіркелді.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?