Ел азаматтарын жаңбырлы күндер күтуде
"Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметінің синоптикі Саида Бердібекова алдағы үш күндегі ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда 12-13 маусымда ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел соғады. Сонымен қатар, температура 20-29 дейін төмендейді", - деді ол.
Сонымен қатар, ол елдің басты үш қаласындағы ауа-райына тоқталды.
Бейсенбі, яғни 11 маусымда, Нұр-Сұлтанда жауын-шашынсыз, түнде 13-15 градус жылы болады, күндіз - +30-32 градус.
Алматыда бейсенбі күні жауын-шашын болмайды, түнде – 13-15 градус, күндіз - 23-25 градус плюс белгісі бар.
Шымкентте алдағы үш тәулікте жауын-шашын жаумайды, түнде – 14-16, күндіз-30-32 градус.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды