Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эквадорда қауіпті қылмыстық топтың басшысы түрмеден қашып кеткеннен кейін елде төтенше жағдай жарияланды

Ел президенттігіне кандидатты өлтірді деген күдікке ілінген қылмыстық топтың жетекшісі Эквадор түрмесіндегі камерадан қашып кетті. Елде екі ай мерзімге төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Адольфо Масиас

Фито лақап атымен танымал Адольфо Масиас Вильямар 12 жыл түрмеде отырған. Бұған дейін ол "Лос Чонерос" ("Чоне қаласының адамдары") атты қауіпті мафияны басқарды. Вильямардың камерасы Гуаякилдегі түрменің бір бөлігінде орналасқан, ол мұқият күзетілуі керек болған.

Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде 60 күндік төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде қоғамдық жиындарға уақытша тыйым салынып, коменданттық сағат енгізіледі.

Президент Нобоаның айтуынша, төтенше жағдай әскерилер мен полицияға елдегі түрмелерді тікелей бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Латын Америкасындағы BBC редакторы Ванесса Бушшлютердің айтуынша, "Лос Чонерос" шын мәнінде Фито жазасын өтеген Гуаякилдегі аймақтық түрменің көп бөлігін басқарады.

“Есірткі-террористік топтар бізді қорқытқысы келеді, олардың талабына көнеміз деп ойлайды. Бірақ біз лаңкестермен келіссөз жүргізбейміз және елде тыныштық орнамайынша тыным таппаймыз”, – дейді ел президенті.

35 жастағы Дэниел Нобоа өткен жылдың қазан айында өткен президент сайлауында жеңіске жеткен. Сайлау науқаны кезінде кандидаттардың бірі, бұрынғы журналист және мафияға қарсы күрескер Фернандо Вильявисенсио өлтірілді, ал саясаткерді қорқытқан “Лос Чонерос” пен Фито бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.

Эквадор полициясы түсіндіргендей, Фитоның камерада жоқ екені жексенбі күні анықталыпты. Күзетшілер Фитоны түрменің қатаң режимдегі қанатынан іздеген, бірақ таба алмаған.



Фитоның қашып кеткені немесе үлкен түрме кешенінің ішінде жасырынып жүргені әлі белгісіз. Полиция да Фитоның камерадан нақты қашан жоғалып кеткенін білмейді.

Полиция бастығының айтуынша, жүздеген полиция қызметкері Фитоны іздеп жатыр. Аймақтық түрме (La Regional) бес түзеу мекемесін қамтитын түрме кешенінің бөлігі болып саналады. Онда 12 мыңнан астам тұтқын отыр.

Өткен тамыз айында Фито кешендегі басқа түрмеге ауыстырылған. Бұл түрмеде тұтқындар аз болғандықтан, қауіпсізд деп саналады. Фитоны көшіру үшін тұтас операция ұйымдастырылып, мыңғм жуық сарбаз жұмылдырылған еді. 

Бірақ көп ұзамай Фитоның адвокаты оның ауысуына қарсы апелляциялық шағым түсіріп, жеңіп шықты, содан кейін қылмыскер La Regional аумағына қайтарылды.

Фито бұл түрме кешенінен бұрын бір рет қашып кеткен. 2013 жылы ол басқа 17 тұтқынмен бірге La Roca-дан қашып, кешенмен шектесетін өзенді қайықтармен кесіп өткен.

Төрт айдан кейін Фито мен оның ағасы, сонымен қатар “Лос Чонерос” мүшесі Манта қаласындағы анасының үйінде ұсталды. Содан бері Фито түрме аумағынан шықпаған. Сонымен қатар ол 2020 жылы топтың бұрынғы көшбасшы Хорхе Луис Замбраноны өлтіргеннен кейін түрмедегі топтың жетекшісі атанды.

“Лос Чонерос” негізінен есірткі саудасымен әрі рэкетпен айналысады. Бұдан бөлек Мексиканың қуатты Синалоа картелімен ынтымақтатық орнатқан. 

Талқылау