Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Экс-судья Светлана Жолманованың ісі сотқа жіберілді

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолды қылған.

"Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің “Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша айыптау актісімен қарау мәні үшін сотқа жолданды, — деп хабарлады бас прокуратура.

Еске салайық, Алматыда экс-судья Светлана Жолманованың алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.

Артынша Адвокат Мұрат Адам бұрынғы судья Светлана Жоламанованың екі айға қамауға алынғанын мәлімдеген.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 18 Наурыз, 2025 19:04
Талқылау