Экс-судья Светлана Жоламанова екі айға қамауға алынды
Адвокат Мұрат Адам бұрынғы судья Светлана Жоламанвоаның екі айға қамаққа алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana
Алматы соты экс-судьяны ұстауға санкция берді. Осылайша бұрынғы судья Светлана Жоламанова алаяқтық жасады деген күдікпен екі айға қамауға алынды.
Еске салайық, Алматыда 9 қазан күні таңертең экс-судья Светлана Жолманованың алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.
Ұсталғаннан кейін ол тергеу амалдарын жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оған уақытша ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалмақ.
Алматы полиция департаменті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"