Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған – Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Экс-министр Қазақстаннан қашпақ болған кезде әуежайда ұсталған.
"Бекетаев елден жасырынуға тырысқан кезде ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректері болғандықтан, жария етілмейді", – деді Шыңдалиев.
Еске салайық, бұған дейін 23 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растағанын хабарладық. Бекетаевқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
Ұсталғаннан кейін оған екі ай түріндегі қамауға алу шарасы қабылданды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі