"Екпінді жел соғып, жаңбыр жауады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 8-10 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Болжамға сәйкес, Қазақстанда атлантикалық циклонға байланысты атмосфералық фронттардың әсері сезілмек. Еліміздің көп бөлігінде күн бұлттанып, жел соғады.
“Қазақстанның солтүстігінде желдің екпіні 23-28м/с, кей уақыттарда 30 м/с-қа дейін күшейеді. Жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік аймақтарда қалың қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Сонымен қатар циклон әсерінен ауа температурасы уақытша жылиды. Алайда ауа температурасы күрт төмендейді”, – делінген хабарламада.
Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін