Экология министрі Арал теңізінің құрғаған бөлігінде оазис құруды жоспарлап отыр
Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алдағы екі жылда Арал теңізінің аумағын көгалдандырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: suntravel.uz
Министр Аралдың құрғаған бөлігінде алдағы екі жылда миллионнан астам көшет отырғызып, көгалдандыруды жоспарлап отыр.
Ведомствода Аралды көгалдандырудың екі әдісі қарастырылды. Бірі – тұқым егу, екіншісі – көшет отырғызу. Алайда Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, көшет отырғызу әлдеқайда тиімді.
“Теңіздің құрғауынан пайда болған тұзды шаң-тозаң бүкіл облыстың ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан түбін өсімдіктермен жабу маңызды. Бұл тұздың таралуын азайтады”, – деді министр.
Бұған дейін министр Ерлан Нысанбаев қоқысты бөлек жинауға көп шығын кететінін айтқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады