Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен тұтқын алмасу": Түркияда Ресей мен Америка тұтқындары алмастырылды

Түркия астанасы Анкара әуежайында Ресей, АҚШ және олардың одақтастары өзара 26 тұтқын алмасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ТАСС

Түркияның ұлттық барлау ұйымы Ресей, АҚШ және олардың одақтастары арасындағы тұтқын алмасу шарасын ұйымдастырды. Германия киллер Красиковты, Словения тыңшы Артем мен Анна Дульцевты Ресейге экстрадициялады. Ал Кевин Лик, Дитер Воронин, Патрик Шобель және Рико Кригер Германияға оралады.

NTV түрік телеарнасы Эсенбога әуежайындағы Ресей мен Батыс елдерінен келген ұшақтардың суреттерін жариялады. Оның мәліметінше, бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен тұтқын алмасу.

Түркияның TRT телерадиокомпаниясының хабарлауынша, тұтқын алмасуға барлығы 7 ұшақ керек болды. АҚШ-тан екі ұшақ және Германия, Польша, Словения, Норвегия және Ресейден бір-бір ұшақ келді. Ресейге 10 адам кетті. 13 тұтқын Германияға, тағы үшеуі АҚШ-қа аттанды.

Қырғи-қабақ соғыстан бергі Шығыс пен Батыс арасындағы ең ірі тұтқын алмасу кезінде The Wall Street Journal басылымының тілшісі Эван Гершкович, америкалық Пол Уилан, оппозициялық саясаткер, Ресей және Британия азаматы Владимир Кара-Мурза босатылды. 

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша,  Александр Винник, Максим Марченко, Вадим Конощенко, Владислав Клюшин және Роман Селезнев туралы деректер АҚШ түрме дерекқорынан жоғалып кетті. 

Талқылау