Актриса Гүлназ Жолановаға сырға салды
Өнер иесі туралы сүйінші жаңалықты көпшілікке жақын құрбысы Ерке Есмахан мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің оқырмандары құдалығында құрбысы Гүлназдың жоғын байқаған. Ерке осыған байланысты қойылған толассыз сұрақтарға желідегі парақшасында жауап берді.
“Көпшілікті толғандырған “Кешегі құдалықты неге Гүлназ құрбың жоқ?” деген сұрақ бар екен. Екеуіміз жүріп-жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып күйеуге шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға да сырға салды, ағайын. Бір күнде “сырғалым” атандық. Теңін тапқан құрбыма “бағың ашылсын” деймін. Бақытты, үбірлі-шүбірлі болыңдар! Құттықтап қойыңыздар”, – деп құрбысына тілеулес екенін білдірді ол.
Актрисаның өзі ешқандай мәлімдеме жасамаса да, сырға салу рәсіміне дайындық сәтімен бөлісті.

Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады