“Екінші Димаш”: ШҚО-лық әнші ерекше дауысымен тыңдарманды таңғалдырды(видео)
Әлеуметтік желіде Сәкен Әлімханов атты азаматтың өнері қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шемонайха ауданының 95 жылдығына арналған концертте Сәкен Әлімханов ресейлік композитор Игорь Крутойдың "Қалжыраған аққулардың махаббаты" (Любовь уставших лебедей) әнін орындайды. Бұл әнді әнші Димаш Құдайберген айтқан еді. Димаш секілді Сәкен де ноталы күрделі әнді нақышына салып орындайды.
Тыңдармандар оны Димаш Құдайбергенмен салыстырып жатыр
"Ал, ендеше! Сендер Димаш, Димаш дейсіңдер. Біздің шығыста әрбір қазақ – бір Димаш. Қарсы алыңыздар – Сәкен Әлімханов", - деп жазады Дәулет Бай атты әлеуметтік желі қолданушысы.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?