Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұздағы төтенше жағдай: Президент жекешелендірілген энергетикалық активтерге қатысты мәселені шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы апат салдарын жою бойынша премьер-министрдің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

екібастұз

Хабарламада қабылданған шаралардың қаланы қиын жағдайдан шығаруға септігін тигізгені айтылған. Екібастұзға келген премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға жедел басшылық жасау тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын.

“Мемлекет басшысы Үкіметке қалаларды қысқы жылыту маусымына дайындау кезінде жіберілген қателіктерге мұқият талдау жүргізу міндетін жүктеді. Сондай-ақ Үкіметке Екібастұзда және басқа да елді мекендерде қалыптасқан күрделі жағдайды түбегейлі өзгерту үшін нақты шешімдер қабылдау тапсырылды”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар жекешелендірілген энергетикалық активтерге және олардың иелерінің жауапкершілігіне қатысты мәселелерді шешу қажет екені айтылған. Президент Үкімет пен құқық қорғау органдарының барлық жұмысы өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.

Талқылау