Екібастұздағы "Шығыс" көмір разрезінде бір жұмысшы опат болды
Екібастұздағы "Шығыс" көмір разрезінде 9 тамызда бір жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм ағынды жабын учаскесінде электромеханик болып жұмыс істеген.
"Жөндеу жұмысы кезінде барабанның айналма білігі ығысып, бос барабанның айналма білігі электромеханикті № 1 ұсақтау цехының тіреуішіне қысып қалған", – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
42 жастағы механик алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын облыстық еңбек басқармасы тексереді.