Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Екібастұзда объектілік масштабта техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Қала әкімі Аян Бейсекин бұл туралы "Ашық заңды және заңды тұлғалар" порталында мәлімдеді.
"Energy Solutions Center" ЖШС-де болған төтенше жағдайға байланысты Екібастұзда объектілік ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", – делінген хабарламада.
28 маусымда сағат 5:24-те ГРЭС-1-де технологиялық ақау болды. Соның салдарынан №2,3,4,7 энергоблоктар тоқтатылды. Станция генерацияны 2080-ден 320 МВт-қа дейін қысқартты. Кейін тоқтатылған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.
Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті технологиялық ақауды тексеруді бастады.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"