"Жұмыста келіспей қалған": Екібастұзда тапа-тал түсте ер азаматты атып кеткен күдікті ұсталды
Екібастұзда 60 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды белгісіз біреу атып кетті. Оқиға үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео желіде тарап кетті.
Қылмыс куәгерлердің көз алдында, тұрғын үйдің ауласында болды. Күдікті 60 жастан асқан. Қазір ол изоляторда, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полиция оның неліктен мұндай қадамға барғанын айтпады.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша 65 жастағы ер адам ұсталды", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
