Екібастұзда ер адам ажырасайын деп жатқан әйелінің пәтерін өртеп жіберді
Екібастұз қаласының 44 жастағы тұрғыны таңғы сағат 5-те жұбайының пәтерінің балконын өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
"24 қыркүйек күні сағат 05.00-де 38 жастағы азаматтың пәтерінің балконында өрт шығып, мүлкі бүлінген. Өртті Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сөндірді", – деп түсіндірді полицияда.
Белгілі болғандай, бұл қылмысқа барған пәтер иесінің 44 жастағы жұбайы болып шыққан. Ерлі-зайыптылар 2020 жылдың желтоқсанынан некеде екен, ал қазір ажырасу үстінде.
Іс бойынша тексеру басталған. Полицияда оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процессуалдық шешім қабылданатыны хабарланды.
Шымкентте әйел өзінің 6 жасар қызын зорламақ болған бұрынғы күйеуін пышақтап тастады
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған