Екібастұзда ата-енесі келінін үйден қуып, баласын тартып алған
Екібастұзда ата-енесі келінін үйден қуып, оның баласын тартып алған. Олар мұндай қадамға екі жас ажырасқаннан кейін барған. Оқиғаға полицияның кірісуіне тура келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас әйел полицияға шағым түсірген. Ол 2 жас 8 айлық қызын қайтаруды сұрап, жылап келген. Айтуынша, ол үш айдан бері қызына жете алмай отырған. Қызды бұрынғы ата-енесі алып қалған. Күйеуі басқа отбасыға кеткен соң, ата-енесі оны үйден қуып, баланы алып қалған. Ал құжатта қыздың әкесі атап көрсетілмеген.
Полицейлердің көмегімен жас ана қызымен қауышты.
"Кішкентай қыздың көзінен қуанышты көру – әр полицей үшін үлкен марапат. Ал ана мен баланың көзінен қуаныш пен махаббатты көру – теңдессіз", – дейді Екібастұз ювеналді полициясының аға инспекторы Фатима Ахмечанова.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған