Екі жолаушы Астанадағы көлік кептелісін ретке келтірді (видео)
Астана көшелерінде жарық сөніп, бағдаршамдар істен шыққанда белгісіз жігіттер жол қозғалысын реттеді. Бұл туралы жігіттерге рақметін жеткізген жандар әлеуметтік желіге оқиға орынынан бейнежазбасын жүктеді.

«18.12.17 19.45-те «Жастар» дүкенінің маңында екі үй орамында жарық сөніп қалды. Целинный шағынауданынан бастап Бараев көшесіне дейінгі аралықта бағдаршамдар жұмыс істеген жоқ. Көшеден өтіп бара жатқан бір жігіт пен ер адам нағыз реттеуші бола білді. Олар көше қиылысындағы қозғалысты жөнге келтірді. Оларға үлкен алғыс!!!», деп жазды ролик авторлары.
Тағы оқыңыз:
Бүкіләлемдік банктің мәжіліс залына қазақ қызының есімі берілді
Ресей соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр
Вице-президент кім болуы мүмкін және қандай қызмет атқарады: Саясаттанушылар болжамын айтты
Осы мәселелерге саясаттанушылар мен сарапшылар өз көзқарасын білдірді
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді