Екі жарым жыл бұрын жоғалып кеткен бала педофилдің үйінен табылды
Германияда педофил деп күдіктелген азаматтың үйінен екі жарым жыл бұрын жоғалған жасөспірім табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Немістің Рекклингхаузен қаласының тұрғыны балалардың порнографиялық жазбаларын тартты деген күдіккке ілініпті. Оның үйін тінтуге рұқсат алған полицейлер сол жерден жоғалып кеткен 15 жастағы Марвин есімді жеткіншек табылға,
Жасөспірім 2017 жылдың 11 шілдесінде із-түссіз ғайып болған. Сол күні достарымен кездесуге шыққан ол соңғы рет WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама жіберген. Осы уақытқа дейін үйдің қоймасында тұрып келіпті. Оның үстінде екі жыл бұрын киіп кеткен киімдері болған.
Марвиннің айтуынша, оны таза ауа жұтуға бірден-бір рет шығармапты. Дегенмен оның денесінде жарқаттар анықталмаған. Бозбала үйне қайтарылып, тәртіп сақшылары тергеу амалдарын бастап кетті.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді