Екі сағат аспанда қалықтап жүрді: Алматыға ұшқан ұшақ Атырау әуежайына қайта оралды
SCAT әуе компаниясының Атырау-Алматы рейсінің ұшағы Атырау әуежайына қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" өңірлік басылымына сілтеме жасап, хабарлайды.

15 қараша күні сағат 16.00-де Атырау әуежайына Атыраудан Алматыға ұшқан SCAT әуе компаниясының Boeing 737-300 ұшағы апатты жағдайда қонды.
Ұшақ жерге қона алмай екі сағатқа жуық уақыт аспанда қалықтап жүрген.
Әуе кемесінің салонында ұшу кезінде ауа баптау жүйесінің индикациясы іске қосылды. Осыдан кейін экипаж әуежайға оралу туралы шешім қабылдады. Орындалмаған рейстің ұшуы 16 қарашаға жоспарланған.
Бұған дейін SCAT авиакомпаниясының Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы ірі құстар тобымен соқтығысып қалды. Нәтижесінде экипаж әуежайға қайта оралды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі