Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз өртеніп жатырмыз": Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ құстармен соқтығысты (видео)

SCAT авиакомпаниясының Атырау - Нұр-Сұлтан ұшағы ірі құстар тобымен соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жолаушылардың бірі түсірген кадрлар желіде жарияланды. Видеода кейбір жолаушылардың қатты қорқып қалғаны байқалады. Бортта дүрбелең басталып кеткен.

"Біз өртеніп жатырмыз, иә? Мен қатты қорқамын! Мен қорқамын", - дейді әйел.

"Қыз, тыныштал, ештеңе болмайды. Бәрі жақсы болады", - деп тағы бір жолаушы оны тыныштандыруға тырысады.

МИИР баспасөз қызметі ұшақтың ұшып шыққаннан кейін 14 минут өткен соң, 10 қараша күні сағат 23.17-де қайта қонғанын хабарлады.

SCAT баспасөз қызметі Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқанда ұшақтың үлкен құстармен соқтығысқанын айтты.

Ұшақ командирі Иван Карпович әуежайға оралуға шешім қабылдады. Қону қалыпты режимде орындалды. 

Ұшақ бортында 115 жолаушы болған деп хабарланды.

"Мәселе құстардың ұшаққа соқтығысуынан туындаған. Ұшақ командирі Иван Карповичтің жоғары кәсібилігі мен бүкіл экипаждың үйлесімді жұмысы арқасында ұшақ жерге аман-есен қонды", - деп атап өтті авиакомпанияның баспасөз қызметі. 

Рейстің тоқтатылғандығы атап өтілді. Жолаушылар билеттерді қайта брондау үшін SCAT компаниясына хабарласа алады.

Талқылау