Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды
Ұлыбританияның Уиррал ауданының екі рет қатерлі ісікті жеңген тұрғыны коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Daily Star басылымы жазыпты.
79 жастағы Дэвид Александр Уильмс өзінің екі рет онкологиялық дерттен айыққанына қарамастан өте ширақ әрі белсенді азамат болыпты. Алайда наурыз айының соңында оның денесінде коронавирустың белгілері байқалған. Ал 28 наурыз күні азамттың тыныс алуы тіпті нашарлап кеткен. Аурухана жеткенде қарияның коронавирустың асқынған түрінен шалдыққаны анықталыпты. Ал екі күннен соң Британия тұрғыны аурудан көз жұмған.
Марқұмның артында төрт баласы, төрт немересі мен әйелі қалған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі