Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жастарға қалдырыңыздар": 90 жастағы кейуана жасанды тыныс алу аппаратына қосылудан бас тартып, артынша көз жұмды

Белгияның 90 жастағы қарт тұрғыны жасанды тыныс алу аппаратына қосылуға бас тартып, артынша қайтыс болды. Кейуана дәрігерлерге құрылғыға "одан да жастарды қосыңыздар" деп айтыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әжей

Бинком қаласының қария тұрғыны Сюзанна Хойлаэртс соңғы кездері тәбетінің жоқтығы мен тыныс алуының қиындауы туралы айтып шағымданыпты. 20 наурыз күні қызы оны ауруханаға ертіп апарған. Екі күннен кейін науқастың жағдай нашарлап, артынша қайтыс болған көрінеді. Дәрігерлер әжейді жасанды тыныс алу аппаратына қоспақшы болған, алайда қайсар әжей одан бас тартыпты. 

"Мен қанша өмірім қалды дейсіздер, одан да бұны жастарға қалдырыңыздар", - депті әжей. 

Қарияның қызы анасының бұл ісіне еш таңқалмайтынын жеткізіпті. 

"Бұл менің анамның ісі. Ол үнемі басқаларына көмек қолын аямайтын, тіпті, өлер алдында да ол өзінен гөрі басқаларын ойлапты. Мен онымен қоштаса алмағаныма қайғырамын. Коронавирусты қайдан жұқтырғанын білмеймін. Індеттің кесірінен біз енді жерлеу рәсіміне қатыса алмаймыз", - дейді Сюзанна әжейдің қызы. 

Қазір әлемде коронавирус эпидемиясының өршігуіне байланысты жасанды тыныс алу аппараттарына деген сұраныс артыпты. 

Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырған 11 науқас ауыр халде жатқандығын айтыпты. 


Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған

Талқылау