Екі минут ішінде коронавирусты жоятын тіс пастасы анықталды
Зертханалық зерттеулер барысында американдық ғалымдар құрамында мырыш пен қалайы бар тіс пасталары екі минут ішінде коронавирусты 99,9 пайызға жоюға қабілетті деген қорытындыға келді. Зерттеу нәтижелері British Dental Journal-да жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz сілтеме жасай отырып Вести.Ru.

Ғалымдар ауыз қуысының гигиенасын сақтай отыра, коронавирустың таралу қарқынын төмендетуге болатындығын анықтауға тырысты.
Тіс пастасынан алынған сараптамадан басқа, зерттеу барысында алынған цетилпиридиний хлориді бар ауыз қуысының шайғышы жарты минут ішінде вирусты жояды деген тұжырымдар расталды.
"Нәтиже көрсеткендей, кейбір тіс пасталары мен ауызды жуу SARS-CoV-2 таралуын азайтуға көмектеседі ...аузындағы вирус мөлшерін уақытша азайту арқылы", - делінген хабарламада.
Нәтижелер клиникалық зерттеулер барысында тіс пастасы мен ауызды шаюды қолданған COVID-19 жұқтырған 260 науқас қатысуымен дәлелденді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"