Екі министр бұрынғы лауазымдарына қайта тағайындалды
Президент жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауазымына, Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алмасадам Майданұлы 1970 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған.
1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары "KEGOC" АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.
2006-2007 жылдары "KEGOC" АҚ бойынша топ жетекшісі, "Самұрық" АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2007-2011 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.
2011-2012 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
2012-2018 жылдары — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы.
2018-2021 жылдары "KazEnergy" ЗТБ төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін — "Самұрық-Энерго" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы.
2023 жылдың 4 сәуірінен бері энергетика министрі қызметін атқарған.
Ал оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.
1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті.
2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары — Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.
2006-2007 жылдары — Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.
2007-2020 жылдары — Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020-2022 жылдары — ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.
2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы сәуірге дейін — ҚР білім және ғылым вице-министрі.
2023 жылы сәуірде оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған.
Еске салсақ, бұған дейін Айдарбек Сапаровтың ауыл шаруашылығы министрі, Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымында қалғаны туралы жазған едік.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
