Екі адам түрмеден қашып кеткен: Ақтөбедегі изоляторда кезекшілік уақытында ұйықтап қалған үш қызметкер сотталды
Ақтөбе қалалық №2 соты күдіктілердің уақытша ұстау изоляторынан шығып кеткен оқиғасына қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Ақтөбеде немқұрайлық, қызметке адал емес немесе немқұрайлы қарау салдарынан өз міндеттерін орындамау бойынша айыпталған үш адамның қылмыстық ісі қаралды
11 қарашада Ақтөбе қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторында кезекші, пост күзетшісі және шығарушы болған. Олар 01:34 – 05:58 аралығында кезекшілік орнында ұйықтап қалған.
“Кезекші сақшылардың ұйықтап жатқанын байқаған тұтқын "Е" және "Қ" сағат 03:36-да камера есігін ашып, уақытша ұстау изоляторынан шығып кеткен. Содан соң алдыңғы есіктің магнит құлпының сымдарын үзіп, сыртқа қашқан”, – деп мәлімдеді сот.
Оларды Ақтөбе облысының полиция департаменті, полиция басқармасы, қалалық және облыстық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері және ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері іздеді. "Е" мен "К" 4 сағатта ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қайта жеткізілді.
Олар жұмыс уақытында ұйықтап қалып, қылмыстың орын алуына жол бергені үшін сотқа тартылды. Күзетші мен шығарушы кінәсін мойындады, ал кезекші мойындаған жоқ.
Сот үкімімен үш айыпталушы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сот Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығының атына алдағы уақытта осындай фактілердің қайталанбауы үшін қажет шараларды қолдану туралы жеке ұйғарым шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.