Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі қазандықта өрт шықты: Әкім Риддер жылу орталығын коммуналдық меншікке беру керегін мәлімдеді

21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының екі қазандығынан өрт шықты. 50 мыңға жуық тұрғыны бар қалада тағы да жылу төмендеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

риддер тэц

Қала тұрғындары ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Риддер әкімі Дмитрий Горьковойдың Instagram желісіндегі парақшаларында "суық үйде отырғандарын" жазып, шағымданған. 

Даниал Ахметов осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, ЖЭО-ның жаңа иелеріне “сенім жоқ” екенін айтты. 

"Сондықтан әселенің жалғыз шешімі – жылу орталығын коммуналдық меншікке беру. Келесі аптада жиналыс өткіземін, станция иелерінің нақты ұсыныстарын тыңдаймын. Бірақ өз тарапымыздан күрделі жөндеу жүргізу және орталықты жаңа жылыту маусымына дайындау үшін заңнамалық түрде коммуналдық меншікке алу шараларын бастаймыз"” – деп жазды облыс әкімі. 

Әкімнің сөзінше, жыл басында келген жаңа инвесторлар "жабдықты жөндеуге, дебиторлық берешекті өтеуге қаражат бөлмеген". Сондй-ақ Даниал Ахметов екі қазандықтың істеп тұрғанын, ал өрт шыққан екі қазандық жақын арада іске қосылатынын айтты.

Талқылау